
Мағыналы жауаптар
Адам баласы жаратылысынан сұрақ қоюшы.
Себебі, сұрақ – ізденістің басы, ал ізденіс – хақиқатқа апарар жол.
Біз көбіне өмірдің сыртқы көрінісіне қарап, оның терең мәнін байқамай қаламыз.
Ал шын мәнінде, әрбір құбылыстың артында мағына және Жаратушыға апарар ишаралар бар.
Осы сайтта:
Рисалей Нұр еңбектері негізінде сенім, өмір, тағдыр, адам болмысы туралы қарапайым әрі түсінікті тілмен жауаптар ұсынылады.
Бұл жобаның негізгі мақсаты — күрделі ақиқаттарды жеңіл тілмен жеткізу, жүрек пен ақылды бірге тәрбиелеу.
Көп жағдайда адам:
«Неге өмір сүріп жатырмын?», «Бұл әлемнің мағынасы қандай?» деген мағыналы сұрақтарға жауап іздейді.
Бұл сұрақтар кездейсоқ емес. Олар — жүректің оянуының белгісі.
Рисалей Нұр осы сұрақтарға логикалық дәлелмен, рухани тереңдікпен жауап береді.
Бұл жерде Сіз тек қана жауап алмайсыз.
Сіз ойланасыз, салыстырасыз, өз ішкі дүниеңізге үңілесіз!
Бұл сайт – ақиқатқа апарар шағын бір қадам.
Ал үлкен жол — Сіздің ізденісіңізде.
Сұрақтарыңызды жазыңыз.
Бірге ойланайық.
Платформа туралы
Миссиямыз

МАҒЫНА АКАДЕМИЯСЫ











You must be logged in to post a comment.